Шымкенттік адвокаттар жаңа Конституция нормаларын талқылады

Шымкент қалалық адвокаттар алқасында еліміздің жаңа Конституциясына енгізілген нормалар жан-жақты түсіндірілді. Басқосуға Ата заңдағы өзгерістермен тікелей жұмыс істейтін заңгерлер мен құқық саласының өкілдері қатысты.

Screenshot_1.png

Жиында Мемлекет басшысы бастамасымен еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция саяси, құқықтық және қоғамдық дамудың жаңа бағыттарын айқындап отыр.

Адвокаттар атап өткендей, ауқымды өзгерістер – қоғамның ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сұранысының және уақыт талабына берілген заңды жауап. Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді.

Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз екені ерекше аталды. Сонымен қатар жаңа Парламент – Құрылтайдың өкілеттіктері қарастырылды. Заң шығарушы орган 145 депутаттан тұрады және олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.

Сонымен бірге жаңа жалпыұлттық диалог алаңы – Қазақстан Халық Кеңесінің құрылатыны хабарланды. Бұл орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырып, заңнамалық бастама құқығына ие жоғары консультативтік орган болып табылады.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Вице-президент институты енгізіледі. Ол Президент атынан қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, Конституцияда алғаш рет адвокаттық қызмет пен адвокатураға арналған жеке бап бекітілген.

Жиын қорытындысында қатысушылар құқықтық реформалардың табысты жүзеге асуы кәсіби қауымдастықтың белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы бес жылда асқазан-ішек ауруларының көрсеткіші күрт артты
  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер