Конституциялық реформа – ұлттық бірегейліктің жаңа белесі

Бүгін Шымкент қаласындағы басты рухани орталықтардың бірі – Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Конституциялық реформа және ұлттық бірегейлік» тақырыбында сараптамалық талқылау жиыны өтті.

Screenshot_3.png

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет және тіл саласының мамандары қатысып, жаңа Конституцияның мазмұнын жан-жақты талқылады. Кездесуді кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова жүргізді. Ол өз сөзінде Ата Заңның идеологиялық және құндылықтық негіздеріне тоқталып, құжатта ұлттық бірлік, қоғамдық келісім және мемлекеттің зайырлы сипаты айқын көрініс тапқанын атап өтті.

Тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев жаңа Конституцияның Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде нақты айқындалғанына назар аударды. Сондай-ақ егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі ұлттық бірегейліктің құқықтық негізін нығайтатынын жеткізді. Оның пікірінше, Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарының Конституция деңгейінде айқындалуы қоғам дамуының сапалық жаңа кезеңін білдіреді.

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Бастар Есқараев тарихи жады мен құжаттық мұраны сақтау мәселесіне ерекше мән берілгенін атап өтті. Ал Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Ботагөз Нұрқұлова мәдени мұраны қорғау және музей ісін дамыту ұрпақ сабақтастығының маңызды кепілі екенін айтты.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының жоғары дәрежелі маманы Жазира Досмаилова білім беру жүйесінің зайырлы сипатының нақты айқындалуы қоғам тұрақтылығы үшін маңызды фактор екенін жеткізді. Сонымен қатар жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылуы да кеңінен талқыланды.

Сарапшылар Конституция жобасында білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуін мемлекеттің болашағын адами капиталмен байланыстыратын стратегиялық бағыт ретінде бағалады. Сонымен бірге азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасының енгізілуі заманауи қауіпсіздік талаптарына жауап беретін маңызды шешім екені атап өтілді.

Жиын соңында қатысушылар халықты 15 наурызға белгіленген референдумға белсенді қатысуға шақырып, жаңа Конституция ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды қадамы екендігін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның ережелерін түсіндірді
  • «Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
  • Конституционная реформа – новый этап укрепления национальной идентичности
  • Конституциялық реформа – ұлттық бірегейліктің жаңа белесі
  • Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер