Көксай: Ескі үйлердегі отбасылар қоныс аударды

Шымкент қаласында Көксәйек ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Screenshot_6.png

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру.

Айта кетейік, бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын.

Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Сондай-ақ, ескі үйлерден азаматтарды көшіру қаланы дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол ауданды жаңғыртуды жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталып, бұл іс-шаралар барлық тұрғынға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

Айта кету керек, Көксай ауданын жаңғырту – мегаполис инфрақұрылымын дамытуға, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер