Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгермейді

Қазақстан Республикасының Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылуда. 

Screenshot_10.png

Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл ретте, Бақыт Нұрмұханов ұсынылып отырған норманы Конституцияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Аталған ережелерге сәйкес елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен анықталады.

«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деп атап өтті Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер