Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады

Бүгін Контитуциялық Реформалар реформалар жөніндегі комисмияның алғашқы отырысы өтуде.

Screenshot_1.png

Жиын барысында Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды

Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.

Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады. 

Вице-Президент:

– Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;

– Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

Сонымен қатар Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.

Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.

Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет.

Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.

Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте продолжается работа по обеспечению жильем социально уязвимых слоев населения
  • Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұрғын үймен қамтылуда
  • Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес
  • Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер