Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. 

Screenshot_2.png

Қазіргі таңда мегаполисте қала әкімінің тапсырмасымен кешенді бағдарлама қарқынды жүзеге асырылуда.

Жоба жолдарды салу және кеңейту, аялдама кешендері мен көше жарықтандыру жүйесін жаңартуды қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қаладағы аудандардың өзара байланысын жақсарту және орталық көшелердегі қозғалысты оңтайландыру арқылы көлік жүктемесін азайту.

Осыған байланысты 2024 жылдың желтоқсан айында Момынов және Тленшин көшелерінде теміржолдың үстінен автокөлік өткелін салу жұмысы басталған болатын.

Бүгін Момынов көшесіндегі жаңа өткелдің техникалық ашылу рәсімі өтіп, автокөліктер қозғалысы ашылды.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және жергілікті тұрғындар қатысып, мегаполис басшысы салтанатты рәсім барысында заманауи әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымын дамыту қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа нысан қаланың шығыс бөлігін орталық аудандармен байланыстырды. Ол теміржол желісінен қауіпсіз өтуді қамтамасыз етіп қана қоймай, көлік инфрақұрылымын арттырып, жолға кететін уақытты қысқартады.

Қазіргі уақытта өткелге іргелес аумақта абаттандыру жалғасуда: жаяу жүргінші жолақтары салынып, көгалдандырылуда, көше инфрақұрылымының элементтері мен жарық шамдары орнатылуда.

Биыл Тіленшин көшесіндегі автокөлік өткелін де пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл көлік ағымын қосымша қайта бөлуге және көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Шымкентте Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жолайырық салынуда, оны да биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада 1 059 шақырымнан астам автокөлік жолына асфальт төселіп, көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 100 пайыз болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Трудоустройство, правопорядок, волонтерство: какую помощь оказали молодежи в Астане в 2025 году
  • В Астане прошло велозаезд "Jingle Ride"
  • Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер