
Шымкент қаласында 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық ұланның мәліметінше, сарбаз Жамбыл облысының Тараз қаласынан шақырылған. Қызмет өткеру кезеңінде ол бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген, дәрігерлердің бақылауында болып, Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.
"2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында", – делінген жазбада.
