Шымкенттік полицейлер халықаралық іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады

image.png

Шымкенттік полицейлер халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады.  Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін күдікті болған әйел  жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен. 

Әйел  шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған. Сондай-ақ  ол кәсіпкердің сеніміне кіріп, алтын бұйымдарын иемденген.  Күдікті  жалпы 80 миллион теңгеден асатын  материалдық шығын келтірген.

— Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланған. Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сарбаз қайтыс болды
  • Шымкенттік полицейлер халықаралық іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады
  • ШЫМКЕНТТІҢ ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ
  • Еңбек адамдары – қаланың тірегі
  • Цифрландыру мен жасанды интеллект: Мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер