Цифрландыру мен жасанды интеллект: Мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу негізгі басым бағыттардың біріне айналды

1000527678.jpg

Бүгінде бұл салада атқарылған жұмыстар халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Сондай-ақ қызметтердің дәл осындай үлесін азаматтар смартфон арқылы алу мүмкіндігіне ие. Жалпы саны 1 448 мемлекеттік қызметтің басым бөлігі онлайн түрде қолжетімді болып, уақыт пен қағазбастылықты азайтуға жол ашты. Бұған қоса, 39 цифрлық құжат енгізіліп, олар қағаз нұсқаларды толықтай алмастырды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, процестердің ашықтығын қамтамасыз етті.

Жасанды интеллект саласында да жүйелі қадамдар жасалуда. 2025 жылғы 17 қарашада «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Ал 2 қазанда Халықаралық жасанды интеллект орталығы – Alem.AI ашылып, отандық және халықаралық сарапшылардың бірлескен жұмысына жол ашты.

Алдағы 5 жыл ішінде 1 миллион азаматты жасанды интеллект негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бұл бастама қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыруға және жаңа технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған. Сонымен қатар Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылып, бүгінде онда 35-тен астам ЖИ-агент пилоттық режимде тестіленуде.

Білім беру саласында да маңызды өзгерістер бар. Қазіргі уақытта 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламалары енгізіліп, білікті кадрлар даярлауға басымдық берілуде. Цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бұл кешенді шаралар еліміздің технологиялық дамуын жеделдетіп, мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша ыңғайлы әрі тиімді етуге негіз болмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды
  • М.Әшімбаев Алматының белсенді азаматтарымен жаңа конституция жобасының негізгі мәнін талқылады
  • «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
  • Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі еңбек ұжымымен кездесті
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның ережелерін түсіндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер