«Ақжар» қосалқы станциясы іске қосылды

Шымкент қаласының Құрсай тұрғын алабында қуаттылығы 40 МВА болатын 110/35/10 кВ «Ақжар» электр қосалқы станциясының ашылу рәсімі өтті. 

1000526387.jpg

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Айта кетейік, қосалқы станцияның жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өткен. 2026 жылдың басында, 220/110/6 кВ «Қазығұрт» қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнатылған соң толық жүктеме беріледі және «Ақжар» қосалқы станциясы қаланың энергетикалық жүйесіне толыққанды қосылады.

Қосалқы станцияның іске қосылуы Құрсай тұрғын алабындағы абоненттерді жаңа электр желісіне қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталық» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба нәтижесінде қаланың энергетикалық жүйесін сақиналау жұмыстарын одан әрі дамыту арқылы электр қуатымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды
  • Партиец говорит
  • Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер