Қазақстанның бітімгершілік рөлі: Ереван мен Бакудің жақындасуына қосқан үлесі

2025 жылғы 21 қазанда Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы маңызды уағдаластықтар туралы мәлімдеме жасады.

Screenshot_21.jpg

Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің өз елінің аумағы арқылы Армения бағытындағы транзитке қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешімін жоғары бағалады.

«Бұл — аса маңызды мәлімдеме. Мен Әзербайжан Президентіне осы қадамы үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Пашинян.

Сонымен қатар, Армения Үкіметінің басшысы бұл келісімге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрінің атқарған маңызды делдалдық рөліне ерекше тоқталып өтті.

«Мен Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне осы келісімді жасауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», — деп атап өтті ол.

Қазақстан бұл ретте өңірлік тұрақтылық пен сенімді диалог орнатудағы беделді бітімгершілік рөлін тағы да дәлелдеді. Елдің сыртқы саясаттағы теңгерімді ұстанымы мен конструктивті бастамалары Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп келеді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Заң мен тәртіп»: ШҚО жастары жауапкершілік пен әділеттілік жолын таңдайды
  • Қазақстанның бітімгершілік рөлі: Ереван мен Бакудің жақындасуына қосқан үлесі
  • Елде «Republic day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына – 35
  • ​Қазақстанның цифрлық даму бағыты және жасанды интеллект саласын жетілдіру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер