А.Н.Сызғанов атындағы орталықтың тәжірибелі хирургтері өзбекстандық науқастарға 17 күрделі ота жасад

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бес мамандандырылған бригадасынан құралған топ Өзбекстан Республикасындағы Қазақстанның медицина күндері аясында тәжірибе алмасу үшін Ташкент қаласына аттанды.

1000489243.jpg

Орталықтың жетекші хирургтары 17 күрделі отаны сәтті өткізіп, өзбек әріптестеріне арналған бірқатар мастер-кластар өткізді.

Сондай-ақ, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық хирургия орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат тараптардың бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға, мамандармен алмасуға және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған. 

Сапар барысында профессор Болатбек Баймаханов өзбек әріптестеріне Қазақстан трансплантологиясы мен лапароскопиялық хирургия мектебінің жетістіктерін таныстырып, бауыр трансплантациясынан кейінгі билиарлық асқынулар мен ұйқы безі-дванадцатперстная ішек резекциясының нәтижелері туралы дәріс оқыды. Бұл баяндамалар өзбекстандық әріптестердің зор қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, қазақстандық дәрігерлер Ташкент қаласындағы В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығында және Қаршы қаласындағы Республикалық кардиология орталығының филиалында жұмыс істеді.

Сапар барысында қазақстандық мамандар гепатобилиарлық, эндоскопиялық, кардиохирургиялық және эндоваскулярлық бағыттар бойынша бірқатар оталар жасап, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін және заманауи емдеу тәсілдерін көрсетті.

Ташкентте гепатопанкреатобилиарлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Мейрам Досханов бауыр мен өт жолдарына лапароскопиялық ота жасау бойынша мастер-класс өткізіп, әртүрлі күрделіліктегі төрт отаны сәтті орындады.

Ерлан Абдрашевтың жетекшілігімен эндоскопиялық хирургия бойынша мастер-кластар өткізілді. Оның барысында өңештің жаңа түзілістерін эндоскопиялық резекциялау және пероральды миотомия операциялары жасалды.

Рентгенхирургия және интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Әділ Байымбетов жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастарға криобаллондық абляция процедураларын жүргізді.

Эндоваскулярлық хирург Е.Абилханов төрт жоғары технологиялық отаны орындады, олардың ішінде қарыншааралық перде ақауын транскатетерлік жабу және өкпе артериясы стенозында баллонды вальвулопластика операциялары бар.

Кардиология орталығының Қаршы филиалында орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышев өзбек әріптестерімен бірлесіп төрт жүрек отасын жүргізді. Олардың қатарында митралды қақпақшаны протездеу және сол жақ жүрекшедегі миксоманы алып тастау операциялары болды.

Қазақстандық хирургтар отандық хирургия мектебінің жетістіктерін және заманауи емдеу технологияларын таныстырып, өзбек науқастарына денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік берді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Караван из тысячи верблюдов в Алматинской области официально вошёл в Книгу рекордов Гиннесса
  • Аким Шымкента принял участие в посадке деревьев вместе с жителями
  • Шымкент әкімі қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты
  • Ведущие хирурги центра имени А.Н.Сызганова провели 17 сложнейших операций пациентам в Узбекистане
  • А.Н.Сызғанов атындағы орталықтың тәжірибелі хирургтері өзбекстандық науқастарға 17 күрделі ота жасад
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер