Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты. 

1000479371.jpg

Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады. 

Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. 

Смитсон институты – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа конституция: Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі
  • Жаңа конституция: Мемлекеттік тіл мәртебесі – ұлт тұтастығының негізі
  • О деятельности ОО Правовой центр женских инициатив «Сана Сезiм»
  • «Сана Сезiм» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҮЕҰ қызметі туралы
  • «Ғылым, білім және шығармашылық – Конституциялық дамудың стратегиялық негізі»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер