Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

1000476590.jpg

Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылды. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталды.

Жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылуы Шымкентке келетін туристер легін арттыруға оң әсер етеді. Қазіргі уақытта SCAT әуекомпаниясының әуе паркінде 37 әуе кемесі бар. Оның 22-сі ішкі бағыттарға қызмет көрсетсе, 15 әуе кемесі халықаралық бағыттарда тұрақты қатынауда.

Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары алыс және жақын шетелдерге тікелей Шымкент әуежайынан ұшуға мүмкіндік алады. Бұл жоба өңірдің көлік және туризм саласын дамытуға зор ықпал етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚР жаңа конституциясы: Қазақстан халқы — мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі
  • ҚР жаңа конституциясы: әділетті ата заң — қуатты мемлекет
  • Адам құқықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылығы
  • Орталық Азия Инновациялық университеті: Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
  • Шымкентте денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер