Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы

Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.

1000470037.jpg

Келісім «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды көздейді. Жайлы ортаны қалыптастыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық сервистерді тестілеу және интеграциялау жоспарлануда.

Жаңа жүйе инфрақұрылымды бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құруға, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін автоматтандыруға, экологиялық жағдайды бақылауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ерекше назар аударылатын болады.

Мысалы, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы жолдарды жөндеуге, қоқыстарды шығаруға, жол белгілерін орнатуға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ заңсыз құрылыстар мен қоқыс үйінділерін бақылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ мұндай жобаны Ақмола облысында сәтті жүзеге асырды. Енді цифрлық шешімдер Шымкент қаласында кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Қала әкімі «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мен мамандарына әріптестік үшін және озық технологияларды енгізуге әзірлігі үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ бірлескен жоба қалаға және оның тұрғындарына айтарлықтай пайда әкелетініне сенім білдірді. 

Жол картасы аясында Шымкент қаласында заманауи цифрлық шешімдерге негізделген 13 пилоттық жоба жүзеге асырылатын болады. Олардың ішінде дрон инфрақұрылымы, жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелері, «ақылды» есептегіштер, экологиялық мониторинг, ұлттық бейнемониторинг жүйесі, медициналық ЖИ шешімдері («ЖИ-терапевт», CerebraAI), жол сапасын бақылау, GovTech платформасы, смарт-бейнежетондар, сондай-ақ азаматтарға арналған бірыңғай байланыс орталығы (Jardem 109) бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер