Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

Тарих дәлелдегендей, елдің тұрақтылығы мен дамуы – халықтың бірлігі мен татулығына тікелей байланысты.

1000461697.jpg

Бірлігі бұзылған мемлекеттер ұзаққа бармайды, ал ынтымағы жарасқан елдер өркениет көшінде алдыңғы қатарда болады.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты ұлттық қауіпсіздік пен дамудың басты тірегі етті. Бұл – ғасырлар бойғы тәжірибеден туған ұстаным. Ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс, тың игеру сияқты тарихи сындар елдің этникалық құрамын байытты, бірақ алауыздық емес, мәдениеттер тоғысы мен өзара түсіністіктің негізін қалады.

"Қазақстан – ортақ үйіміз" қағидасы бүгінде өмір салтына айналды. Түрлі этнос өкілдері ғылымнан мемлекеттік басқаруға дейін барлық салада бірге еңбек етіп, бір-бірінің тілі мен дәстүрін құрметтейді

Бірлік – тек моральдық құндылық емес, ол әлеуметтік келісім, азаматтық теңдік, заң үстемдігі және қоғамдық диалог арқылы бекітілген жүйе. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағыттағы басты алаң болып отыр.

Жаһандану дәуірінде сыртқы және ішкі сын-қатерлер көбейген шақта, ең басты қорғанымыз – бірлігіміз. Ынтымақ пен татулық сақталған жерде мемлекет мызғымайды, болашаққа сенім де берік болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенте прошли работы по очистке в рамках экологической акции «Taza Alem»
  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Голубое топливо пришло в новые районы Шымкента
  • Шымкент: Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер