Мәжіліс депутаты Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді зерделеуде

image.png

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Он күнге жоспарланған іс-сапар аясында депутат партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізуде.

Кездесулер барысында азаматтар тарапынан көтерілген негізгі мәселелердің бірі – тұрғын үй нысандарын заңдастыру мәселесі болды. Атап айтқанда, Ынтымақ-2 және әуежай маңындағы шағынаудандарда заңсыз салынған үйлер мен құжатсыз нысандардың саны көп. Бұл жағдай кейбір тұрғындардың алаяқтардың арбауына түсуіне де әкеп соққан.

– Аталған мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен және әкімдікпен бірлесіп, заң аясында нақты шаралар қабылдау жолдарын қарастырып жатырмыз. Жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін мәселелермен қатар, күрделі түйткілдер Үкіметке депутаттық сауал жолдау арқылы көтерілетін болады. Ел ішіндегі өзекті проблемаларды көзбен көріп, тұрғындармен тікелей байланыс орнату – халық қалаулысының негізгі міндеттерінің бірі деп білемін, – деді депутат Исабеков.

Сапар барысында депутат «Ізетті зейнеткер» ардагерлер орталығына арнайы барып, мекеменің материалдық-техникалық жағдайымен және қызмет алушылардың жағдайымен танысты.

– Ардагерлердің көңіл күйі жоғары, көрсетіліп жатқан қызмет сапасына риза екені байқалады. Бұл – орталық қызметкерлерінің еңбегінің нәтижесі. Дегенмен, кейбір ұйымдастыру мәселелері де жоқ емес. Мәселен, аула аумағын көгалдандыру және фонтанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, орталық басшылығы бильярд үстелі сынды қосымша құрал-жабдықтарға қажеттілік бар екенін жеткізді. Мұндай мекемелерге бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсетіледі, алайда демеушілер мен кәсіпкерлерді тарту арқылы қосымша көмектің де маңызы зор. Өз тарапымнан бұл ұсыныстарды назарға алып, мүмкіндігінше қолдау көрсетемін, – деді халық қалаулысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәжіліс депутаты Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді зерделеуде
  • Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы жасалды
  • Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды
  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер