Шымкенттік 52 жастағы Артық Досалиев жалпы салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан қозғап, демалмастан 21 метр 40 сантиметр қашықтыққа сүйреді. Осылайша алып күштің иесі рекорд орнатты деп жазады RGmedia.kz тілшісі. Ондаған көрермен куә болған рекордтты Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері де тамашалап, бұл көрсеткішті ресми түрде тіркеді.
Сарапшылардың айтуынша барлық техникалық параметрлерді мұқият тексеріліпп шыққан– рельстердің көлемі, нақты салмағы мен өлшенген қашықтық арнайы құрылғылармен расталған.
— Рельстер – көлденең, қашықтық рулеткамен өлшенді, салмақ толықтай расталды. Мұнда болғандардың бәрі – оқиғаның куәгері болды. Бұл – таза рекорд. Қазақстанда мұндай жағдай бұрын-соңды тіркелмеген. Бұл әлемдік жетістік деп санала ма? Әзірге айту ерте – халықаралық аналогтармен салыстыру қажет, — деді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастүлеков.
Артық Досалиев мұндай қиын тәуекелге бір жыл бойы дайындалыпты. Рекордын ол Жеңістің 80 жылдығына арнады. Спортшының айтуынша бұл оның соңғы рекорды емес. Келесі жылы ол Жеңіс күніне орай 6, 10 — тіпті, 20 вагон тартуды, сонымен қатар Boeing ұшағын қозғау, танкер тартуды да мақсат етіп отыр.
Артық Досалиев пауэрлифтингпен үш жылдан бері айналысып келеді. Спорттың осы түрінен 5 рет Әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және 8 дүркін Азия жүлдегері атанған.