Берденовты не үшін атқаны белгілі болды

image.png

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке   шабуыл жасалған жерден видео тараған болатын. Оқиға кеше кешкі уақытта орын алған. Оқ тиіп жарақат алған шенеунік  қазір ауруханада. Шымкент қаласы полиция департаменті  осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды  rgmedia.kz тілшісі. Полиция "Берденов күдіктінің келіншегіне тиіскен" деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Айта кетейік, дәрігерлер науқастың өміріне қауіптің жоқтығын және жағдайы тұрақты ауыр деп бағалаған болатын. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды
  • Закон и порядок: в Шымкенте полиция представила детям мультфильм о законе
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық форумға қатысты
  • Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық жобасының жеңімпаздары марапатталды
  • Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер