Тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді

Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. 

1000233768.jpg

Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады. 

Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді. 

«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», - дейді олар. 

Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы. 

Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы
  • Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әзірлеу үдерісінің ашықтығы мен институционалдық негіз
  • ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель
  • ҚР Ата заңы жобасындағы негізгі құндылық - тұрақтылық
  • Қазақстан республикасының жаңа конституциясы: Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер