Полиция мен ТЖ өкілдері Шымкенттегі №231 учаскеде дауыс берді

Бүгін таңғы 7-ден бастап Шымкент тұрғындары Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға дауыс береді. "Түркістан" сарайында орналасқан №231 учаскеде полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бірінші болып өз дауыстарын берді.

1000233510.jpg

Мерекелік атмосфераны құру және сайлаушылардың белсенділігін көтермелеу үшін алғашқы үш дауыс берушіге символдық сыйлықтар — кітаптар табысталды. Бұл жағдай азаматтардың белсенділігіне  қосымша ынталандыру мен ерекше тосын сый болды.

Шымкентте референдум өткізу үшін барлығы 344 учаске жұмыс істейді, онда дауыс беруге құқығы бар 660 563 тұрғынның әрқайсысы осындай маңызды мәселе бойынша өз пікірін білдіре алады. Дауыс беру жалғасуда және сайлаушылардың референдумға кедергісіз қатысуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның ережелерін түсіндірді
  • «Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
  • Конституционная реформа – новый этап укрепления национальной идентичности
  • Конституциялық реформа – ұлттық бірегейліктің жаңа белесі
  • Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер