Үміт үзбе

Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасында ақын Еркебұлан Кенеханның "Үміт үзбе" атты еркін форматтағы поэзия кеші өтпек. Сонымен қатар, поэзия кеші ерекше эстетикалық әсерге бөлейтін шығармашылық сұхбат өрбіп, музыканттардан құрылған вокалды аспаптар ансамблінің әндерімен жалғасты.

 Screenshot_17.jpg

Айталық, кештің бас кейіпкері Еркебұлан Кенехан – халыққа кеңінен танымал әндердің мәтінін жазған ақын. Сондай-ақ, оның сөзіне жазылған әндерді қазақ эстрадасының жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Төреғали Төрелі, Қайрат Нұртас, Мақсат Базарбаев, Саят Медеуов, Асқар Жүнісбеков, Кәмшат Жолдыбаева, «Жігіттер» тобы мен «Меломен» тобы орындайды.

Поэзия кешінің қонағы Еркебұлан Кенеханның өнердегі достары: бірнеше танымал әндердің авторы, композитор Алмас Мұхтарұлы, әнші Асылжан Түзелбек арнайы қатысты.

Screenshot_16.jpg

Кеште әнші Санжар Мыңжасар, Қуаныш Асан, Әкімхан Омарбеков бастаған вокалды аспаптар ансамблі автордың әндерін жанды дауыста орындады. Ал, кештің жүргізушісі - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сүндет Сейітов болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • «Shymkent Marathon – 2025» бұқаралық сайысының жеңімпаздары анықталды
  • Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер