Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан облысының оңтүстік аудандарына қатынайтын көліктер тұрағының жағдайымен танысты. «Көмеш бұлақ» базары аумағында Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына 500-ге жуық көлік қатынайды. Соның салдарынан халық көп шоғырланатын аумақта көлік қозғалысы қиындап, кептелістер орын алуда. 

Screenshot_10.jpg

Қала әкімі жауаптылар тарапынан ұсынылған автотұрақты А-2 автомобиль жолының жолайырығы маңына көшіру туралы ұсынысқа қолдау білдірді. Озық үлгідегі автостанция жеке инвестордың есебінен салынады.  

Ал қазіргі автотұрақ аумағы ретке келтіріліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 4 «Сергек» бейнекамерасы  орнатылатын болады. Жаяу жүргіншілердің бейберекет қозғалысын болдырмау үшін арнайы турникеттер орнату жоспарлануда. 

Қала әкімі жауаптыларға жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында автотұрақты көшіру бойынша тиісті жұмыстарды шұғыл іске асыруды тапсырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер