Екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдік анықталды

Screenshot_14.jpg

Республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты - облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келу, кету ережелерін сақтау болып табылады. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 47 заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының шетел азаматтарын анықтады. Енді олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер