Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

Screenshot_3.jpg

Тәуелсіздік - бағат жетпес қазына. Тәуелсіз мемлекеттің әрбір азаматы да өзін тәуелсіз екенін жан-жүрегімен сезініп, бақытты ғұмыр кешеді. Сондықтан да тәуелсіздікті ардақтау - аса маңызды. Бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде тәуелсіздік туралы түрлі іс-шаралар өтіп, жастарға насихатталуда.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.

Аталмыш шарада 1991 жылы дүниеге келген өз саласының белсенділері тәуелсіздіктің құрдастары «Petro Kazakhstan Oil prodacts» мұнайды екіншілік өңдеу қондырғысының механигі Өркен Байтенов, Театр және кино актері Бақытжан Көшеров, «Ізгілік қайырымдылық» қоғамдық қорының төрағасының орынбасары Алтынбек Боранбеков, Мақтарал футбол клубының пресс-секретары, жайдарманшы Тағай Нуралиев Шымкент «Политехникалық колледжінің» студенттерімен кездесті. 

Кездесуде ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елдің азаматы болғанына, дәл сол жылдары өмірге келгендеріне қуанышты екендіктерін айта келе өз өмір жолдарымен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Сонымен қатар жастарға тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарымыз деп әрдайым өз елін-жерін қадірлеуге шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер