Алматылық блогерлер Шымкенттің туристік нысандарымен танысты

Screenshot_7.jpg

Қазіргі таңда туризмді насихаттаудың ең негізгі құралдарының бірі - әлеуметтік желі. Әлеуметтік желілерде миллиондаған, миллиардтаған адам отыратыны белгілі. Яғни әлеуметтік желіге шыққан, жарияланған кез-келген ақпарат қызықты болса, миллардқа жуық аудиторияға тарай алады. Сондықтан да әлеуметтік желі белсенділерімен бірлесіп жұмыс істеген өте тиімді. 

Осы орайда "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының бастамасымен Алматы қаласынан бір топ блогерлер Шымкент қаласына келді. Әлеуметтік желі белсенділері Шымкенттің басты ресепшні «Visit Shymkent» орталығының жұмысымен танысты. 

Қонақтар назарын аударған еркеше дүние – «Интерактивті альбом» болды. Қаланың туристік орындарын визуалды көрсететін альбомда Шымкент қаласының тарихи-мәдени нысандары, ұлы тұлғалар, туризмнің басым бағыттары қарастырылған барлығы 20 нысан енгізілген. Альбом қазақ-орыс және қазақ-ағылшын тілдерінде шығарылған.

Қонақтарға қаланың туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту, оның әлеуетін арттыру бағытында әріптестермен пікір алмасу болды.  Құрамында 17 азаматтан жинақталған топқа атқарылып жатқан жұмыстар ретімен танысып, VR көзілдірік арқылы ескі «Цитадель» қалашығына виртуалды саяхат жасады. Блогерлер бұл сапардан өте жақсы әсер алып, оны өз парақшаларында жариялады. Алдағы уақытта бұл нақты жемісін беретін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер