«Visit Shymkent» мамандары өзге өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты

Screenshot_5.jpg

Алматы облысы Шонжы қаласында «Zhetysu travel» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Tourism ReStart. Алматы облысы» форумы өткізілді.

Форумға  «Visit Shymkent» орталығы басшының орынбасары Е.Умаров және жоба менеджері Азамат Мәліков арнайы қатысты. Сондай-ақ ауқымды шараға – ірі туроператорлар, ҚР облыстарының туризм басқармасының, Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшылары, «ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық комитеті қатысты.

Форумның мақсаты карантиндік шектеулер мен саланы қалпына келтіруге байланысты туризмде қалыптасқан жағдайды талқылау болды.

Жалпы, форум Алматы облысындағы туризм саласының әлеуеті зор екенін ғана емес, сонымен қатар еліміздегі қонақжайлылық индустриясын дамытудың драйверлерінің бірі болып табылатынын көрсетті. 

Форумда Ерлан Умаров «Visit Shymkent» орталығының Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, өзге қалалардағы әріптестерін бірлесе жұмыс істеуге, өзара тәжірибе алмасуға шақырды. Алдағы уақытта Шымкент қаласына өзге өңірлердегі туризм мамандары арнайы келіп, шымкенттік әріптестермен туристік жобаларды бірлесе талқылайтын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер