Шымкент әуежайында туристік карта мен ақпараттық парақшалар таратылды

Screenshot_33.png

Қазіргі таңда еліміздің туристік әлеуетін дамытуды басты назарға алып, кең байтақ жеріміздің көз тартатын жерлеріне қонақт арды тарту жұмыстары жүруде. Қазақстандағы Венецияға айналған Түркістан қаласына келушілер өте көп. Олар міндетті түрде Шымқалаға соқпай кетпейтіні белгілі. Сол себепті «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының өкілдері Шымкент әуежайында қаламыздың туристік картасы мен ақпараттық парақшалар таратты.

Шымкент – өз алдына ерекше ыстық қала. «Бұл өмір бір-ақ рет беріледі, ал оны Шымкентте сүру керек» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қаланың өзіндік ерекшелігі бар. Үшінші мегаполисті арнайы іздеп келіп, аралаушылар бүгінде өте көп. Ал келген қонақтарға міндетті түрде туристік орталық көмектеседі.

Туристік ақпараттық орталық тәулігіне 200-250 турист қабылдауға қауқарлы. Орталықта тәулік бойы «Call-centre» жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беріліп, құқықтық және визалық көмек көрсетілетін болады. Қалаға келуші қонақтар үшін қыдыру турлары ұсынылып, алдын ала брондау қызметі берілмек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер