Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда

Screenshot_8.jpg

ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкентті әлемге тек ғимараттары мен туристік нысандарымен ғана емес, халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен де танытуға болады. Үшінші мегаполисі карантин уақытында онлайн танытудың басты бағыты онлайн мәдени-іс шаралар легі болып отыр.

Шымкенттегі әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының «Дәстүр дәрістері» сабағы күн сайын онлайн өтеді. Бұл жолы «Ұлттық тағамдар» туралы әңгіме өрбіді. Әр елдің ұлттық тағамдары олардың мәдениетінен көрініс береді. Мысалы біздің қазақты бешбармақсыз, өзбектерді палаусыз, грузиндерді хачапурисіз елестету мүмкін емес. 

«Ең алдымен әкелген асқа сын айтылмайды.  Қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар. Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады», - деп түсіндірді орталық қызметкері А. Ахаева. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Отырар кітапханасы онлайн қолөнер сабағын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер