Көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Screenshot_5.jpg

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасына орай жоспарланған бағдарламалар төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылғаны мәлім. Алайда дайындық жұмыстары мүлдем тоқтады деген сөз емес. Карантин  кезінде қаладағы коммуналшылар қызметін тоқтатпады. Қаланы көгалдандыру, жасыл желектің күтімі, әсем гүлдерді отырғызуды жалғастыруда.

Қаладағы әсем гүлзарлардағы жайқалған гүлдер мен жасыл желек көздің жауын алады. Әсіресе қызылды-жасылды жауқазындар демалыс орнына ерекше сұлулық беріп тұр. Керемет үйлесімділікті қолмен жасаған коммуналдық сала қызметкерлері бұл еңбегімізді індеттен құтылған сәтте шымкенттіктер және қала қонақтары бағалайды деген сенімде.  «Жерлестерім еңсесін түсірмесін. Біз жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз, қаланы көріктендіріп жатырмыз. Қаупті індет тоқтайды. Сонда далаға шыққан тұрғындар мына әсемдікті көріп көңілдері көтеріледі. Барлығы жақсы болады, уайымдамаңыздар»,- дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысы Айнұр Қалымбетова.

Қала тұрғындары өз кезегінде төтенше жағдай кезінде қызметін атқарып жүргендерге алғыстары шексіз.  «Азық түлікке дүкенге шыққан едім. Қазір біз мына кезеңде үйде отырмыз. Алайда бұл шектеулер ерте ме, кеш пе алынып тасталады. Біз табиғатпен тамсануға далаға шығамыз. Сұлулық әлемді қорғайды. Біз індетті жеңеміз»,- дейді қала тұрғыны Елена.

Шымкенттің символы қызғалдақтар да көшеде жайқалып тұр. Пішіндері саналуан, кілем іспетті. Гүлдер мен ағаштар қала көркіне сән беріп тұр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Отырар кітапханасы онлайн қолөнер сабағын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер