Қала символы – қызғалдақ

2019_12_13_tyul.jpg

Үшінші мегаполистің шырайын кіргізетін мамыражай ауа райы мен қонақжай тұрғындары. ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкентте жыл сайын еселеніп егілетін қырмызы қызғалдақтар қаланың көркі іспетті оларға ерекше мән беріледі. Биыл Шымкент қаласының жаңа мәртебесіне орай қалада «Қызғалдақ» фестивалі ұйымдастырылады.

Еліміздің оңтүстігі қызғалдақтың төркіні саналғандықтан жыл сайын бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыс көлемінде 2018 жылдан бастапТүлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» атты Республикалық қызғалдақ фестивалі ұйымдастырылса, ал өткен жылы Шымкенттегі арбат демалыс аймағында «Қызғалдақ жолы» фестивалі өткен еді. Бұл фестивальдардың басты мақсаты – қызғалдақ арқылы Шымкентті күллі әлемге таныту. 

Бүгінде үшінші мегаполистің эмблемасына дейін қызғалдақтан тұрады. Ресми сайтта қызыл түсті қызғалдақ бейнеленсе, ал кей жерлерде қызыл, көк, жасыл, сары түстермен араласқан қаланың әсем символикалық бейнесі бой көрсетеді. Осы тұста «Шымкент ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы» мен қала эмблемасы үндесіп отырғанын байқаймыз. Қызыл түсті қызғалдақтың айналасын қазақы нақыштағы түрлі-түсті қошқар мүйізді ою қоршаған. Бұл қала мәдениеті мен сан бояулы мамыражай мегаполистің үндестігі мен үйлесімі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Отырар кітапханасы онлайн қолөнер сабағын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер