Шардара гүлденіп келеді

скачанные файлы.jpg

Шардара ауданына келер жылдан бастап табиғи газ келеді. Бүгінде шаһардың іргесіне дейін 39 шақырым магистральді құбыр тартылып қойған. Газ тарату стансасының құрылысына қазынадан 2 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Қалада тұрғын үй құрылысы да қарқын алды. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі бірнеше көпқабатты үйдің қабырғасы қаланып жатса, былтырдан бері тозығы жеткен үйлер жаңартылып, шаһардың сәулетіне сән қосып жатыр. Әбден ескіріп, сәулеті сұрықсызданып кеткен 6 көпқабатты баспананың кем-кетігі жөнделіп, инженерлік  жүйелері қалпына келтірілді. Қала тұрғындарының енді көгілдір отын пайдаланып, өркениет игілігін көретін күні де алыс емес. «18 ГРЭС құрылысы аяқталып, 2019 жылдың басынан бастап Шардара қаласына газ құбыры жүргізіле бастайды. 2020 жылдан бастап газ келетін болады»,- дейді Шардара қаласының әкімі Ережеп Бекет.

Шаһар келешекте туризмнің ордасына айналғалы тұр. Саяхат орны үшін су қоймасы жағалауынан  255 гектар жер бөлінді. Бұл маңға қонақ үй, яхт клуб, мейрамхана мен аквапарк, аңшылар мен балықшылар үй секілді 60-тан астам нысан салынатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер