Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

image_750x_5b054dac5d69f.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.


Елбасы Жолдауына орай,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасымен бекітілген «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарына» сәйкес облыстық ЖОО студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырма жылдығы» тақырыбындағы үздік эссе конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастардың үлесін жоғарылату.

Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні байқау қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Арнайы мониторингтік топ мүшелері Ә.Әссанди,  Р.Жүнісова, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Е.Нарбаев, ЖОО студенттері мен мұғалімдері қатысты.

Байқау барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарына қатысты өз жобаларын қорғап, ойларымен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Мирас университетінің студенті Серғазиева Дана; ІІ-орынды Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің студенті Асылхан Нұрасыл; ІІІ-орынды – Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті А.Алитурлиева иеленді.

Іс-шара соңында байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен Департамент басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер