Үгіт-насихат парақшалары таратылды

IMG_4080.JPG

Еліміздің өркендеп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі тек  адал және сатылмайтын азаматтардың қолында. Бұл аксиома. Төлеби  аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырып аясында тұрғындар көп жиналатын орындарда арнайы үгіт насихат парақшалары таратылды. 

Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында тоғызыншы міндет ретінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» көрсетілген. Бұл міндетті қоғам болып жұмылып қолға алған кезде ғана орындаймыз. Ол үшін әрбір азамат қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа ешқандай да бір төзбеушілік танытуы тиіс. Сол кезде осы басталған істен нәтиже көрінеді.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және қоғамның барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту болып табылады. Мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрмақшы. Ол үшін жоспар да жасалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер