"Адал жол" – сыбайлас жемқорлыққа жойқын соққы

image_750x_5b04f01728e21.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Елбасы Жолдауына орай, 2018 жылдың 22 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен Қазығұрт ауданында «Адал жол» марафоны өз мәресіне жетті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаев, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілер, өзін-өзі реттеу ұйымдарының өкілдері мен жастар, аудан тұрғындары, Сайрам ауданынан келген арнайы делегация өкілдері, қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысында марафонға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ОҚО бойынша Департаменті «Адал жол» кітабын әзірлеп, эстафетаны Шардара ауданына жолдаған болатын.

Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары өткізіп, эстафетаны Сайрам ауданы алды.

Марафонды өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер