Жемқорлықпен күрес оқушылар арасында насихатталды

image_750x_5b04f7eb4084b.jpg

Биыл 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын таныстырды. Бұл Жолдаудың 9-шы міндетінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, жемқорлықпен күресті насихаттау тапсырмасы жүктелді.

Елбасы Жолдауындағы қойылған тоғызыншы міндетке орай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, облыстағы барлық 7-8 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауы өтті.

Іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің ОҚО бойынша департаменті, облыстық білім басқармасы мен Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырды.

Конкурстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті еліміздің дамуының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыруға бағытталған ең маңызды институт ретінде дәріптеу.

Аталған конкурс 2 кезеңде өткізілді. Бірінші кезең мектеп қабырғасында өткізіліп, байқауға 180 оқушы қатысты.

Финалға мемлекеттік, орыс, өзбек, тәжік тілдерінде жалпы саны 35-ке жуық материалдар жіберіліп, жеңімпаздар №6 Колледж базасында грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер