Жаңа жыл қарсаңында жәрмеңке ұйымдастырылды

Screenshot_6.jpg

Бүгін Отырар ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жергілікті тауар өндірушілердің мерекелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Барша отбасында үлкен салтанатпен аталып өтетін Жаңа жыл мерекесінің жөні қашанда бөлек. Осы айтулы  мерекеде аудан тұрғындарының қалтасына ауырлық салмай, мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауылшаруашылық өнімдерін базар бағасынан төмен бағада көпшілікке ұсынып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өту мақсатында өткен шара тұтынушылардың көңілінен шықты.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына жергілікті жерде өндірілген  ет, сүт өнімдері мен картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ сияқты көкөніс түрлері нарықтан 15-20 пайыз төмен бағамен саудаланды. Сонымен қатар жәрмеңкеге ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу арқасында облыс көлемінде алғашқылардың қатарында тұтынушыларға бағытталған дайын қапталған өнімдер де шығарылды. Солардың қатарында Отырардың брендіне айналып үлгерген “Маяқұм” мен “Отырар” шұбаттары, тарысы мен талқаны, балдай тәтті қауыннан дайыдалған “қауын қақ”, “қауынқұрт” өнімдеріне сұраныс жоғары болды.

Screenshot_5.jpg

Жәрменкені ұйымдастыруға ұйытқы болған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай  «Халықтың қалтасына салмақ түсірмеу мақсатында әкімдік тарапынан осындай жәрмеңкелер алдағы уақыттарда да  ұйымдастырылатын болады»,-деді.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оқушылар дәретханаға далаға барып жүр
  • Бүгін "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін 1500-ден аса балалар тамашалады
  • ОБЛЫСТЫҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ "БАЛДӘУРЕН" КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
  • Бар мейірім - балаларға!
  • «Әзірет Сұлтан» музейінде қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер