«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. 

Конференция аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы мен Түркістан облысының әкімі Ж.Қансейітұлының арнайы құттықтаулары оқылып, алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, музей саласын дамытуға еңбек сіңірген басшылар мен қызметкерлер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің 40 жылдығы медалімен марапатталды.

Конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысы әкімдігінің бірлесуімен өтуде.

Конференцияның мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындарды насихаттау, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жəне Қазақ хандығының ғасырлар бойы рухани астанасы болып келген Түркістанның орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған. 

Жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина елдерімен және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысуда.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары

1. Түркістан жазирасында ортағасырлық қоныстар, қалалар мен астаналар

2. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалардағы ғылым мен мәдениет

3. Шетелдік зерттеушілер мен саяхатшылар еңбектеріндегі ортағасырлық қалалар

4. Рухани жаңғыру: музей ісі және ескерткіштерді қорғау мәселелері

5. Тарихи-мәдени туризм және оны дамыту жолдары

Басқосу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде өтуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер