Шымкентте тарихи нысандар абаттандырылды

2200 жылдық тарихы бар Шымкент «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген қасиетті орындарға бай қала. Солардың ішінде шаһарда республикалық маңызға ие 2 тарихи-мәдени нысан орналасқан. 

Screenshot_6.jpg

Үшінші мегаполиске табан тіреген әрбір саяхатшы Ұлы Жібек жолы бойындағы сакралды ескерткіштер «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелері  соқпай кетпейді. Ибраһим ата кесенесі Сайрамның солтүстік-батысындағы биік төбеде орналасқан. Ол атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, өңірге танымал уағызшы болған. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған.  Ондағы шырақшылардың мәліметінше, 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Тарихи нысан жолдың бойындағы төбеде тұрғандықтан залал тиген. сондықтан 90-жылдары кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінген, жол 20 метрге ауыстырылған.  

Ал Қарашаш ана – Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамығандықтан, ол өз заманындағы ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында қайта қалпына келтірілген. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған кесене екі ғасыр ширегінде бұзылмаған. Ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеген. Елімізде тарихы нысандарды сақтау мен қорғау мемлекеттің назарында. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың әрбір отырысында осы мәселеге тоқталып, нақты тапсырмалар да жүктеп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанды «Таңбалы тастар мекені» деп бекер айтпайды. Ешкіөлмес жотасы – Еуразия құрлығындағы петроглифі ең көп жердің бірі. Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық сайларында көптеген тарихи сурет сақталған. Бұл жәдігерлер – Дала өркениетінің сан мың жылдық шежіресі. Соңғы жылдары құрылысқа қажет деген желеумен кейбір жәдігерлеріміз бүлініп жатыр. Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек. Құзырлы органдарға тиісті шара қабылдауды тапсырамын. Қажет болса, заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырған жөн» деп атап өтті. 

Шымкентте бұл бағытта жұмыстар жүйелі жүргізіл келеді. Биыл тарихи-мәдени нысандарымыз «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелерінде абаттандыру жұмыстары қолға алынып, ретке келтірілді. Туристердің назарын аударып, келушілердің санын артқан қалада бұл бағыттағы жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асуда. 

Атап айтқанда, «Ибрагим ата» кесенесінде демеушілердің көмегімен ескі орындықтар жаңартылып, жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды. «Қарашаш ана» кесенесі аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, қосымша жаңа навигациялық туристік тақтайша, жаңа орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Жаңадан орнатылған ақпараттық тақтайшалар халықаралық үлгіде әзірленген. Қасиетті орынға келушілер үшін нысан жайлы 3 тілде аудиогид орналастырылған. Сондай-ақ мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы жұмыс істеп тұр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страницы истории шымкентского городского драматического театра
  • Русский драматический театр Шымкента: источник знаний и нравственных ценностей
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер