ОТЫРАРЛЫҚ 2000 ОҚУШЫ "СӘЛЕМ САҒАН – АСТАНА" ШЕРУІНЕ ҚАТЫСТЫ

image_750x_5b11d08d0a850.jpg

Отырар ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Сәлем саған – Астана!» атты мерекелік шара өтті. Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдердің орындаушылық шығармашылығын қолдау мақсатында өткізілген концерттік бағдарламаға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, мерекемен құттықтады. «Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Ертеңгі үмітіміз – бүгінгі жас ұрпақтың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасауға арналған күн. Бұл күнді олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес»-деді Е.Айтаханов. Мұнан соң мектеп оқушыларның мерекелік шерумен жалғасын тауып, шәкірттер әуезді ән мен мың бұрала билеп, бар өнерлерін ортаға салды. 2000-нан астам бала өнер көрсеткен шеру мерекенің мазмұнын ашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Сәлем саған – Астана» мерекелік шарасы аясында «Ақбол» балабақша-бөбекжайында да «Әрқашан күн сөнбесін» атты концерттік бағдарлама өтті. «Бар мейірім – балаларға» ұранымен өткен шарада әуелеген әндер орындалып, әлемнің сәні болған - бүлдіршіндердің күлкісі сыңғыр күлкісі жиылған көпшілікті қанаттандырды. Концерттік бағдарламада аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы ел ертеңі саналған жас ұрпаққа деген жылы лебізін білдіріп, мерекелік сыйлықтар табыстады. Мереке аясындағы шара «Шәміл-Дүр» жастар саябағында жасөспірімдер арасындағы эстафеталық сайыстарымен жалғасы тапты. Спорттың 5 түрі бойынша сынға түскен мектеп оқушылары футбол, баскетбол, қырықаяқ, секітпемен секіру, түйетартыс ойындары бойынша өзара бақтарын сынады. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен эстафеталық сайыстарға ауданымыздағы 10-нан аса білім беру ұйымдарынан командалар қатысты. Мерекелік спорттық шарада өнер көрсеткен жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арналған сый-сияпаттарға ие болып, марапатталды. Сонымен қатар, айрықша ойынымен көзге түсіп, үздік шыққан жекелеген жас өрендерге де арнайы жүлделер табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер