Аида Балаева: «Астарлы ақиқат», «Қалаулым», «QosLike» жабылады

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық ақ пен қараны ажырата білсе, рейтинг қуған бағдарламалар жабылатынын жеткізді. Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы халық алдындағы есеп беру кезінде айтты.

Аида Балаева.jpg

Оның сөзінше, министрлік кез келген бағдарламаны қалаған кезде жауып тастай алмайды.

- Ақпарат министрлігінің кез келген ұнамаған бағдарламаны жауып тастауға құзыреті жоқ. Заң бар, ал QosLike сияқты бағдарламалар жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Ондай бағдарламалардың тағдыры рейтингке байланысты. Қоғамның бір бөлігі оларға наразы болса, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды. "Астарлы ақиқат", "Қалаулым" деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұрғандар. Демек, сұраныс бар, халық көретін болған соң БАҚ-тың иесі ешқашан ол бағдарламаларды жаппайды, - деді министр.

Сонымен қатар, Балаева БАҚ қызметкерлерін халықтың талғамын көтеруде жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

- Менің ойымша, министрлік те, БАҚ та бір мақсатқа жұмылып, қоянқолтық жұмыс істеуі керек - халықтың мәдениеті мен талғамын көтеруге. Егер бұл мәселенің барлығы дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе, сонда ғана мұндай бағдарламалардың рейтингі төмендеп, жабылады. Осы орайда бірге жұмыс істеуге дайынбыз - деді министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер