«Жерді жекеменшікке беруге қарсымын, оған халық дайын емес» - Мәжіліс депутаты

Кеше Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды. 

RUS30578+ (1).jpgОсы мәселеге байланысты Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы Facebook парақшасында өз пікірін білдірді.

- Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерлерді жеке меншікке беруге қарсымын! 

Қазақстанда жерді экономикалық тұрғыда ғана қарауға болмайды. Қазақ үшін ол қасиетті ұғым. Жерге мемлекеттік меншікті сақтай отырып, үкіметке - кәсіпті, экономиканы, ауылды дамыту жолдарын қарастыру қажет.

«Жер жекеменшікке берілсін» дегендерді де «қазақтың жауы» деуден аулақпын. Мұндай пікір айтушылар, негізінен, аяққа тұрған, елге жұмыс беріп, ауыл шаруашылығын дамытып жүрген фермерлер мен кәсіпкерлер. Олармен де санасу керек.

Жерді жеке меншікке беру үшін халықтың көпшілігі әлеуметтік-экономикалық жағынан да, тарихи жағынан да дайын емес, - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселелері талқыланды
  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер