Мəдениет жəне спорт министрі Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік атынан актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Ғазиза Мəкешқызы Əбдінəбиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

Ақтоты Райымқұлова.jpg

- Пейілі дархан Ғазиза апамыз саналы ғұмырын бекзат өнерге арнап, мағыналы тірлік кешті. Ұзақ жылдан бері театр жəне кино саласында талай тартымды образдарымен талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ғазиза Мəкешқызы түскен «Тоғысқан тағдырлар», «Саранша» сериалы мен «Қауын», «Біржан сал», «Айналайын» жəне тағы басқа фильмдер қазақ кинематографиясының алтын қорынан ойып тұрып орын алды, - деп жазды министр Facebook-те.

Жайдары мінезді, ортасына сыйлы болған өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

- Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деді Райымқұлова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер