Қызылордада жоғалып кеткен үшінші қыз Алматыдан табылды

Қызылордада 27 наурызда кешке «Атамекен» балалар ауылынан өз еркімен кетіп қалған үшінші қыз табылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті, деп хабарлайды  Tengrinews.kz сайты.

20210404130142_11998.jpeg

«Қызылорда облыстық полиция департаменті, Алматы қалалық полиция департаменті және еріктілер қозғалысы бірлесіп жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 16 жастағы Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы 3 сәуірде сағат 22.30-да Алматыда табылды», - деді полициядағылар.

Ділдә Нұғманова Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта іздеу нәтижелері туралы құзырлы органдарға хабарланған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, Қызылордадағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Кейін екі қыз табылған. Алматыдағы балалар үйіне жеткізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер