Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының екінші дозасын қабылдады.

екпе салу министрлер.jpg

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының №6 қалалық емханасында екпе жасалды.

Вакцина салар алдында мейірбике алғашқы екпеден кейінгі жағдайлары туралы сұрады. Ерлан Қиясов пен Ажар Қинаят өздерін жақсы сезінетіндіктерін жеткізді.

Үш күн суға түсуге болмайды. Жалпы әлсіздік пен бей-жай күйді сезінуіңіз мүмкін, бірақ оған бола алаңдамаңыз, бұл қалыпты реакция, - деді медбике.

Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады: екінші доза біріншісінен 21 күн өткен соң салынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер