Ресейлік «Спутник V» КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды

АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы ресейлік "Спутник V" вакцинасын КСРО кезінен бергі ең үлкен ғылыми жетістік деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Спутник-V.jpg

Журналистер мәліметінше, көптеген ел The Lancet беделді медициналық журналында "Спутник V"-нің жоғары тиімділігін растайтын клиникалық зерттеудің үшінші кезең нәтижесі жариялағаннан кейін препаратты алуға "кезекке тұрған".

Мақала авторлары пандемияны жеңу үшін жаһандық шайқаста "вакциналар жарысы" геосаяси маңызға ие болғанын атап өтті. Үкіметтер шектеу шаралары енгізілгеннен кейін үлкен әлеуметтік-экономикалық залалды жеңу жолдарын іздеді. Бұл ретте, Ресей ғалымдары сапалы вакцина жасай алатын санаулы елдің бірі ретінде артықшылыққа ие болды деп жазды хабарламада.

- Ресей кеңес дәуірінен бері өзінің ең үлкен ғылыми жетістігін жасады - деп қорытындылады Bloomberg.

Осы аптада The Lancet журналы "Спутник V" сынағының үшінші кезең қорытындысын жариялады. Зерттеулер ресейлік вакцинасының жоғары қауіпсіздігі мен тиімділігін 91,6 пайыз деңгейінде растады. Сонымен қатар, Гамалея орталығының ғалымдары вакцина Сovid-19-дан толығымен қорғайтынын мәлімдеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер