Қазақстандық шенеунік ауыр жарақат алды

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы  "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

Сауат Мыңбаев.jpg

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың "омыртқасы ауыр жараланды" деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité ("Шарите") клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

- Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер