Шымкентте туристік нысандардың виртуалды 3D картасы әзірленді

Screenshot_1.jpg

Интерактивті карта текстуралық карталардың сүйемелдеуімен қаланың негізгі магистральдары мен басты көшелерін, жасыл желектері мен бизнес, тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ барлық туристік нысандарды көрсете алады. 

Осылайша қаламыздың қонақтары мен тұрғындары 3D тур-маршруттары  арқылы мегаполисті есте қаларлықтай визуалды тамашалай алады. Аталған карта Шымкент қаласының TOП-30 туристік нысандары туралы толық ақпаратпен қамтылған. 

Виртуалды карта 3 бағытта, яғни 3D карта, виртуалды тур және виртуалды гид бөлімдері бойынша жұмыс істейді.

Құралдың негізгі функциясына тоқталсақ, орналасқан объектілерді жылжыту, айналдыру, масштабтау, виртуалды турдан өту және объект туралы толық ақпарат алу, қаланың магистральды көшелерінің атаулары туралы ақпарат алу қызметі бар.

Шаһардың көрікті нысандарының иллюстрациясымен суреттелген 3D карта Шымкент қаласының интерактивті таблолары (дисплейлері) мен туристік ақпараттық порталына (мобильді қосымшасы) орнатылған.

Сондай-ақ, аталған 3D карта туристер мен тұрғындар жиі баратын 7 орында: «Арбат» пен Туристік ақпараттық орталықта, саябақтарда, әуежай және теміржол вокзалдарында бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер