Ордабасы ауданында үлкен спорт кешені бой көтереді

Бүгін Ордабасыда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пресс-тур өткізді. Пресс-тур барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы Ордабасы ауданының биылғы әлеуметтік-экономикалық саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.  

Нұрбол Тұрашбеков.png

- Қажымұқан атамыз әрине бүкіл қазақтың күш атасы. Өмірінің соңғы жылдарында біздің ауданымызда тұрған. Мазараты осы жерде. Жоба бойынша біршама хабарларыңыз бар. Біздің үлкен Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай автокөлік дәлізі бойына өтіп бара жатқан кезде ол кісінің мазараты көрінеді. Сол жерден аудан әкімшілігі жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, жобаның құны аудан бюджеті есебінен, жобаның құны 1 миллиард 375 миллион теңге. 5 гектар аумақты алып жатыр. Ол жерде біздің спорт кешеніміз бой көтереді. Қазіргі таңда қаржы қаралды. Ендігі кезекте мемлекеттік сату, сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер компания келер жылы анықталады, құрылыс жұмыстары басталады. Ол жерде спорт комплекс, сосын мұражай және қонақ үй болады. Бір жағы туризмді дамытуға, екінші жағынан спортшыларымыздың спортпен айналысуға үлесін қосады деп ойлаймын - дейді аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер