Шымкентте 850 мыңнан аса адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Шалхар Шерімов мәлімдеді. 

– Шымкент қаласы бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 850 мыңнан аса, яғни 80 пайыз адам тіркелді. Жалпы, миллионды қала тұрғындарының жеңілдік санатында 673 048 адам, 231 005 жалдамалы жұмысшы, 145 070 бірыңғай жиынтық төлем төлеуші және 32 116 адам азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын кірістің 1% мөлшерінде жарна төлеп келеді, – деді Шалхар Шәкімұлы.

Спикердің сөзінше, аталған филиал Шымкентте жыл басынан бері 108 мекемемен келісімшарт жасап, оның 70 пайызын жеке меншік иелері құраған. Атап айтқанда, кешенді стандарттан тыс кеңестік-диагностикалық қызметтер бойынша 39 мекеме және олар арқылы бірлесіп орындаушы мекемемен, оған қоса жоғарғы техникалық медициналық көмек көрсететін 5 медициналық ұйыммен келісімшарт түзілген.

Айта кетейік, жеңілдігі бар санатқа: балалар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар және мүгедектер кіреді. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 Фото – Серік Қосай

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер